Отпан тауда Амал күні (Видео)

Амал мерекесі құтты болсын! Адай Ата кесенесі жəне этно мəдени орталық, оның идеясы — менің жүрек құрсағымнан шыққан төл перзентім. Өз перзентімді дүниеге келген сəттен бері қарай үздіксіз жан-шуағыммен жөргектеп, тілегіммен тербетіп, халқыммен бірге ауыртпалығын көтеріп, қанаттандырып келемін. Отпанға бүкіл қазақ назар аударып, ұлттың рухы нəрлене бастады. Биыл қызмет жасаған: Қожа, Әлім, Табын , Қызылғұрт, Сегіз Арыс, Құнанорыс Ата ұрпақтарына шексіз алғыс айтамыз! Сегіз Арыстың жаңа ережесін жасап, жігіттердің талқысына салып, «Лада» газетіне шығарғанбыз. Жаңа ережеге байланысты үн қатып, пікір айтып, Амал мерекесінің абыроймен өтуіне ерекше күш салған, қуат берген Жəрімбетов Жантеке ағамыз бастаған Әлім Ата ұрпақтарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Аллаға шүкіршілік етемін. Халықтың көз алдында сан қайталап келе жатқан ой-армандарымыз іске асып келеді. Адай Ата кесенесінің жəне этно-мəдени орталықтың қалай басталғаны, қалай салынғаны, көздеген мақсаттарымыз жөніндегі мəліметтер, деректер, дəлелдер ақпарат бетінде аса мол, жеткілікті. Жыл құтты болсын, ел аман болсын!