ОТТЕГІ БАЛЛОНДАРЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ САҚТАЛУЫ КЕРЕК
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша онлайн-брифинг өтті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Нұржан Борашевтың хабарлауынша, өңірде жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелді.
— «Көрсеткіш өткен жылмен салыстырсақ 10% азайған, адам шығыны тіркелген жоқ. Қызыл жалынның негізгі себептері тұрғындардың көбіне қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындап отыр. Мамандардың айтуынша Маңғыстау облысында ең көп тұтану дерегі тіркелген тұрғын үй секторында 56, автокөліктерде тіркелгеннің өрттің саны 37. Халық арасындағы өрт оқиғаларының алдын-алу мақсатында құзырлы орган тарапынан алдын-алу жұмыстарын жүргізілуде. Сақтық шараларын қаперде ұстау үшін ақпараттық парақшалар таратып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірудеміз, — деді ол.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз:
1. Сұйық оттектi тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бiр жерде сақтауға болмайды;
2. Оттегi және жанғыш газы бар баллондарды бiрге сақтауға, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық және дәрi-дәрмек қоймаларында сақтауға болмайды. Оттегi мен жанғыш газы бар баллондар арнайы орындарда немесе қалқаның астында сақталады, жылу көздерiнен (жылу беру құралдары, күн сәулесi) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиiп кетуiнен қорғалады.
3. Аурухана палаталарына баллондардан оттегi жiберу үшiн пластмасса және резеңке шлангты қолдануға жол бермеу;
4. Өрт қауіпсіздік ережесіне сәйкес (№1077) пәтерлерде, тұрғын бөлмелерде немесе балкондарда тез тұтанатын сұйықтарды, газ баллондарды сақтауға жол бермеу;
5. Сығылған, сұйылтылған және ерiтiлген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшiн ойықтар немесе жалюзи торлары болуы шарт. Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргiзiледi.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ