ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

✔️Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 29 білім ұясы салынуда. Заман талабына сай бірыңғай үлгідегі мектеп Отырар ауданы, Шәуілдір ауылдық округінде де бой көтерді.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына іссапарында жайлы мектептің құрылысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
📌– Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, құрал-жабдықтар мен жиһаздардың сапасына қатысты мәселе туындамау керек. Білікті кадрлармен қамту жұмыстары да назарда болсын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
✔️600 орындық білім ордасының құрылысы «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жүзеге асты. Жалпы алаңы 3 гектар жерде орналасқан нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 115 жұмыс орны құрылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі