ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

Отырарда «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында сенбілік өтті. Маяқұм, Аққұм, Ақтөбе ауылдарында ұйымдастырылған шара барысында саябақтардағы ағаш-талдардың түбі әктеліп, белгіленген аймақтарда көшеттер егілді.
Сонымен қатар орталық көшелердегі аялдамалардың қасбеті реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін ауылдарды көгалдандыру мақсатында арнайы белгіленген жасыл алқаптар қоршалып, көшеттер егілген болатын. Бүгінде Аққұм ауылында 1000-нан аса көшет, Маяқұмда 1500, Ақтөбеде 1300-ге жуық көшет көгеріп тұр.
«Егілген ағаштарды күтіп ұстау ең басты мәселе. Бүгін егілген ағаштар келешекте талай адамға сая болып, аптап ыстықта жанға жайлылық сыйлайды», дейді тұрғындар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі