Өз басыңмен ойлан! (Видео)

Балаңның баянды болашағын ойласаң, алаңға шықпа, қазақ баласы!

Расымен-ақ, ойланайық ағайын! Арандату қатты жүріп жатыр. Мақсаттары: Ел-ішін ойрандау;  Өздерінше биліктің үрейін ұшыру; Сол арқылы ұпай жинау;

Ойланайық, осы бізге керек пе? «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына ренжимін» дегендерге айтарымыз: ұлт болып жаңа ұйысып келе жатқанда, қазақтың қадірі қашқан жоқ, керісінше қадірі асты; Алыс-жақын ел таныды; Көк байрағымыз әлемнің небір шаһарында асқақтады! Бұрын бұл түсімізге кіретін бе еді? Көршілес елдер Тыныштық-сәбиді   «жылатып алып жатқанда», бізде мамыражай күн күліп тұрды. Өзгелер қызғана да, қызыға қарады. Бұл қадірдің асқаны емей немене?! «Ашыққан қарын тойынар» дейді қазақ. Ел-іші тыныш болса, үрейленбей асыңды ішер болсаң, одан артық қандай бақ керек?! Балаңның баянды болашағы үшін, азғантай қиындыққа төзуге болмас па?  Ойлан, қазақ баласы! Не нәрсені де бүлдіру оңай. Оны қалпына келтіру, қайта жасау қолбайлау. Ұлтын шын сүйген адам, бүлікке жұртты бастамас болар. Оның ішінде өзіңнің інің, балаң, ағаң, қарындасың, өзге де жақын жұрағатың жүруі мүмкін. Олардың (Алла сақтасын!) басына қиын күн туып қалса, жаның ауырмайды емес, ауырады. Түрлі арандатулардың құрбаны болып кетіп жатса өкініші кетпес! Сондықтан ағайын, бүлікке бастауға, оған жұртты шақыруға абай болайық! Ел болатын жұрт бірін бірі батыр дейді. Онда жарқын болашақ үшін, кел бірге күресейік. Ешкімнің қолшоқпары болмайық! Ақылға келейік, арандап қалмайық! Шеруге ермейік! Намысты бермейік!

11888109_1608008416130843_617140787572520611_n

«ЕлАна» ақпараттық агенттігі