Өз ісіңіздің бағасын біле жүріңіз! .
«Кішкентай бала үлкен дүкен ішінде орналасқан телефон кабинасына кіреді.
Телефон тұтқасына бойы да жетпейді екен.
Аяғының астына бос жәшікті сүйреп әкеліп қойып, әлдекімнің нөмірін тере бастайды.
Тосын жайт дүкен егесінің көңілін аудартты.
Ол баланың сөзіне құлақ салады.
Бала:
— Алло! Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз, ханым! Сізге бау-бақшаңыздың арам шөбін жұлып, тазалап беретін жұмысшы қажет емес пе?
— Рахмет! Мен жұмысшы алып қойғанмын.
— Мен сізге оған төлеген ақшаңыздың жартысына жұмыс істеп берейін.
— Оның жұмысы көңілімнен толық шығады. Басқасын ауыстырғым келмейді. Керек емес.
— Жоқ, мен оған қоса үйдің ауласын, жүретін жолдардың барлығын азғантай ақыға тазалап беремін. Көресіз, бау-бақшаңыз қаладағы ең әдемі бақшалардың бірі болады.
Алайда, әлгі әйел өз жұмысшысы осының барлығын жақсы атқарып жүргенін айтып бас тартады.
Бала жауапқа күлімсіреген күйі тұтқаны орнына қояды.
Кабинадан шыға бере өзін күтіп тұрған дүкен қожайынын көреді.
Ол балаға: «Сенің еңбекке деген ерекше құлшынысың мені таңғалдырды. Өзіңді жақсы көріп қалдым. Мен сені дүкеніме жұмысқа алайын. Келісесің бе?» — дейді.
Сонда бала еш саспастан:
«Мен жаңағы сөйлескен әйелде жұмыс істеймін. Тек өз жұмысымды қалай атқарып жүргенімді білейін деп қоңырау соққан болатынмын» — дейді.
Өз ісіңіздің бағасын біле жүріңіз! .