ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Спартакиада аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Ілебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Ташметов және Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Е. Бекпатшаев спорт саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты — өңірдегі барлық деңгейлі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасай отырып, жергілікті мекенде орналасқан спорт нысандарында спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті