ӨЗБЕГІ КӨП ТҮРКІСТАНДА ӨЗ ҚАЗАҒЫМЫЗ КӨБЕЙЕДІ

Түркістан — бүкіл түркі жұртының рухани ордасы! Киелі мекен! Керек десеңіз, бұл — бүкіл Орта Азиядағы ең үлкен қасиетті жер! Мұнда бүкіл хандарымыз бен билеріміз, бектеріміз бен батырларымыз жерленген. Сондықтан Елбасымыздың өзі бұл шаһарға ерекше назар аударып келеді. Ең алғаш Президент болғанда ол кісі бірінші Түркістанға келіп, тәу етті. Әрине, еліміздің Астанасы бой көтеріп қалпына келген соң, Президент облыс орталығын Түркістанға көшіруге шешім шығарды. 

Еліміз қанша қиын жағдайда тұрса да, ешқандай дағдарысқа қарамай, Елбасы осындай батыл шешім қабылдады. Әйтпесе, Түркістанды түлетуге қыруар қаражат қажет. Ол оңай емес. Бірақ солай бола тұра, Елбасы Түркістанның киесін, қасиетін бәрінен жоғары бағалап отыр. Былайша айтқанда, қазір Түркістан қайтадан жаңадан басынан тұрғызылайын деп жатыр. Мұның бәрі жайдан-жай емес. Түркістанды дамыту бекер қолға алынып отырған жоқ. ОЛ МЫНА КӨРШІ АҒАЙЫНДАРҒА СЕС, АЙБАТ БОЛСЫН ДЕГЕН МАҚСАТПЕН ҚАҚПА БИІКТЕТІЛІП ОТЫР. БҰРЫН ОРЫСЫ КӨП АҚМОЛА ҚАЗАҚЫЛАНҒАНЫ СЕКІЛДІ, ЕНДІ ӨЗБЕГІ КӨП ТҮРКІСТАНДА ӨЗ ҚАЗАҒЫМЫЗ КӨБЕЙМЕК!
Оның үстіне, Өзбекстанның қазіргі Президенті бұрынғы Каримовтай емес, басқаша саясат жүргізіп отыр. Бұрын жабық болған елдің қақпасы енді айқара ашылды. Өзбекстанға даму керек, ол үшін қаражат қажет. Ал Қазақстан бай ел. Енді қаржы тарту үшін өзағаңдар осында келіп, алыс-берісті көбейтеді. Қанша көрші болсақ та, өзағаңның бір саусағы үнемі бүгулі болатыны белгілі. Міне, бір жағынан осыларға сес, айбат болсын деген мақсатпен Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл келешекте облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің астанасы болады. Керек десеңіз, Түркістан Ташкенттен де сұлу, көрікті қала болмақ. Мұның астарында осындай үлкен саясат жатыр.
Негізі, жасыратыны жоқ, ел басшыларының барлығы да өздерінің саясаты жұртқа белгілі болғанын қаламайды. Кезінде Төле би бабамыз да: «Ханның саясаты жұртқа түсінікті болса, ол саясат емес», — деп айтып кеткен. Сондықтан «Досыңа өтірік айтпа — сенімің кетер. Дұшпанға сырыңды ашпа — түбіңе жетер» демекші, ешқандай Елбасы өз саясатын айқайлап айтпайды.
Осыны өкінішке орай, көбіміз түсінбейміз. «Түркістан алыс қой, қатынау қиын» деп жатамыз. «Одан да облыс орталығы Шардара немесе Сарыағашқа көшсе екен» дейміз. Бұл дұрыс емес… Елбасы бекерден-бекер Түркістанды дамытуды қолға алып отырған жоқ. Осыған үлкен мән беруіміз керек!
Бірақ бір нәрсе анық, Елбасы елдің бірлігін, болашағының бекем болуын, қазақ деген ұлттың қаймағы бұзылып кетпеуін ойлап отыр! Ешқандай елге жұтылып кетпей, соғыс отын тұтандырмай, көрші елдің басшыларымен теңдей дәрежеде саясат ұстану — екінің бірінің қолынан келе бермейтін үлкен көрегенділік! Басқа-басқа, мен Елбасының осы қасиетін ерекше бағалаймын!!!

Жұмабаев Серік фб парақшасынан