Өзбекстан: Елде тұңғыш рет рақымшылық жасалды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жарлық шығарып, сотталған 2,7 мың адамға рақымшылық жасады. Рақымшылық туралы жарлық Өзбекстан тарихында тұңғыш рет қабылданып отыр.
Өзбекстан Президентінің елде 2 700 адамға рақымшылық жасау туралы жарлық қабылдауы арқасында түрлі жағдайда қылмыс жасап, өз ісіне өкінгендермен қатар дұрыс жолға түсіп, тұрғылықты жері әрі жазаны өтеу орындарынан жақсы мінездемесі барлардың қатарынан жазаны атқару колонияларынан 956 адам да бостандыққа шықпақшы.
Рақымшылық туралы акт арқылы сотталғандарға елде болып жатқан реформалардың белсенді қатысушысы болып, отбасына оралып, қоғамға енуіне мүмкіндік жасалып отыр.