ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне, облыстық мәслихат депутаттарына және арнайы мониторингтік топтың мүшелеріне «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын таныстырды.
Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына бастамашылық жасалып, жаңғырудың алты бағыты айқындалған болатын.
Осы бағыттарды ескере отырып, алты кіші бағдарламалар айқындалып, оларды үйлестіру жеке мемлекеттік органдарға жүктелді. Атап айтар болсақ: «Атамекен» — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Тәрбие және білім» — Білім және ғылым министрлігі, «Ақпарат толқыны» — Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Рухани қазына» — Мәдениет және спорт министрлігі, «Өзгерістерді өзіңнен баста» — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Іскер азамат-ел тірегі» — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына.
Жиын барысында Департамент басшысы Т.Жұмағұлов «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы сананы жаңғыртуға бағытталғандығын және кіші бағдарламаның мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын қатысушылар назарына жеткізді.
Шара белсенді талқылаумен жалғасып, қатысушылар тарапынан жаңа идеялар ұсынылды. «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясындағы іс-шаралар барлық мемлекеттік органдарда өткізіледі және игі нәтижесін береді деген үміт бар.
Өз тілшіміз