«Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар»

Ғалымдар тәжірибе жасап анықтаған нәрсені қазақ баяғыда айтып қойған..
Сонда да ғалымның аты ғалым — сөздеріне құлақ салайық:
Рингельман әсері
1927 жылы бірқатар өте қызықты тәжірибелер жүргізіліпті. Өкінішке қарай, бұл тәжірибелердің нәтижесі бүгінде сирек еске алынады.
Бұл тәжірибелер психологияда «Рингельман әсері» деген атаумен қалды.
Тәжірибе былай жүргізілді: ең қарапайым адамдар ауырлық көтеруге шақырылды. Әр адамның көтере алатын максималды салмағы тіркеліп отырды. Кейін олар топтарға біріктірілді – алдымен екеу, кейін төртеу, сосын сегіз адам.
Күтілетін нәтиже айқын еді: егер бір адам шартты түрде 100 кг көтере алса, екі адам 200 кг, ал топ болып одан да көп көтеру керек.
Өйткені топпен жұмыс істеу — әрқашан тиімдірек, біріккен күш — жекелеген күштердің қосындысынан артық деген аңыз баяғыдан бар және әлі күнге дейін қолдау табуда.
Бірақ, өкінішке орай, шындық басқаша шықты.
Екі адам – тек жеке көрсеткіштерінің 93%-ын ғана, сегіз адам – небәрі 49%-ын ғана көтере алды.
Осы нәтиже арқан тарту сияқты басқа да тапсырмаларда тексерілді – нәтиже өзгермеді.
Топ көбейген сайын, тиімділік кеми берді.
Себебі түсінікті: егер мен тек өзіме сенсем – бар күшімді саламын. Ал топ ішінде өз күшімді үнемдеуге болады – бәрі байқамай қалады деп ойлайсың.
Бұл ауыл тұрғындары мейрамға бір бөшке арақ жинамақ болып, әр үй бір шелек арақ әкелуі тиіс болғанда, әркім су әкеліп, соңында бөшке суға толып шыққан жағдайға ұқсайды. Әркім басқалардан байқалмаймын деп ойлаған.
Бұл жерде енжарлық қайдан шығады?
Адам бір іспен шұғылданғанда, еріксіз өзінің күш-жігерін есте сақтайды. Кейін дәл сол деңгейде немесе аз күш жұмсайды. Сөйтіп, ол басқалармен бірге араласқан істі ішкі ынта-жігерсіз атқаруға дағдыланады. Осылайша, әлеуметтік енжарлық дегеніміз – белгілі бір жағдайларда туындайтын табиғи құбылыс және ол нәтиженің нөлге дейін түсуіне алып келеді. Бірден емес, әрине – инерция үлкен күш. Бірақ баяу болса да – нәтижесі сол.
Айта кету керек: ешбір әлеуметтік технология әзірге Рингельман әсерін жеңе алған жоқ. Командалық жұмыстың «гуруларынан» қанша кеңес алып, кітап оқысаңыз да, топ саны артқан сайын адамның пассивтілігі де арта береді.
Қорытынды:
Адам топ ішінде жұмыс істеген кезде, бар күшін сала бермейді. Бұл – табиғи психологиялық реакция. Ал бұл реакциямен санаспай, топпен тиімді жұмыс істеу қиын.
Сондықтан, айғырдың боғындай бір жерге үймелей бермей, шаруаларыңды жеке дара істеңдер ☝️😎