ӨЗІҢДІ ЖОҚШЫЛЫҚТАН САҚТА………
Лұқман хәкім ұлына былай деп өсиет еткен екен: «Ұлым, адал кәсіп етіп, өзіңді жоқшылықтан сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады:
Біріншіден, дінін әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді.
Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады.
Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады».
Жаңа апта жақсы әрі берекелі болсын!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Ермек Мұқатай.