Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін асыл әпкем

Ардақты да аяулы Сәуле Мешітбайқызын мерейлі 70 жасымен құттықтап, ол туралы сыр ақтарған туыстарының да хат жолдағанын айтқан едік. Бүгін Сәуле апайымыздың ізінен ерген бірқатар сіңлілері мен келіндерінің жылы лебіздерін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Сәлима Қасымбек, С.Мешітбайқызының тетелес сіңлісі:

Алдымыздағы екі баланы кісіге берген соң, үйдің үлкені болып Сәуле қалды. Әкеміз ерекше еркелетіп,  бетінен қақпайтын.  Үлкейе келе  әкей кейбір шаруалары туралы ақылдасып, жөн сұрасып отыратын еді. Бала болғанмен, үлкеннің ойымен ойлану, бала болып беталды секектемей, көбіне қонақтармен бірге отырып, әңгімелерін тыңдау осы уақытқа дейінгі «өмір мектебіне» үлкен сабақ болды деп ойлайтынмын.  Жаз болса жайлауға малшыларды аралауға, шаруашылықты аралағанда да әкеміз реті келіп жатса  Сәулені алып кетуші еді. Әкеміздің Сәулеге деген ықыласы ерекше еді.

Артымыздан   өмірге келген балаларды екеулеп қарадық.  Үйдің тазалығы, балалардың тамағы, кір жуу сияқты толып жатқан жұмыстардың ауырын Сәуле өзіне алатын, қалғанын шамамызға қарай бәрімізге бөліп беретін.  Оның қонақ шақырғысы келіп тұратын әдеті әлі қалған жоқ. Әсіресе соғым уақытында «қызық екен, ұрлап жегендей болмайықшы» деп, қызметтестерін, алыс-жақын туыстарымызды, балаларының жолдастарын шақырып жатады.

Есейіп, жоғары оқу орнында  Сәуле ҚазПИ-де мен ЖенПИ-де екі курс  төмен оқыдым. Сабақтан шыққан соң, күнде ҚазПИ-ге барып, сабағымды сонда дайындап, кешке қарай ең соңғы троллейбуспен  жатақханаға оралатынмын. Менен күнде хабар алып, қатаң қадағалап отыратын.

plkjo

Сәуле Мешітбайқызы марқұм әкпесі Лиза,тете сіңлісі Сәлима Мешітбайқыздары Астана 2005ж.

sl278170

 Сәуле Мешітбайқызының әкпе сіңлілері бауыры Қуаныштың тойында

11059670_782790001810235_3424244466305641494_n

 Сәуле Мешітбайқызы сіңлісі Сәлимамен Көкшетау қаласы 2015 ж.

Қайда жүрсе де атқарған қызметінде өзіне де,  өзгеге

де  талап қоя білу қанына сіңген. Кейде кейбір іс-әрекеттеріне таң  боламын. «Шаршамайды екенсің,  демалсаңшы» дейміз. Бір қызығы, бір-екі күн демалса, ауыра бастайды.  Ауырса, ешкімнің мазасын алмайды, «ешкімге айтпаңдар, жазылып кетемін» деп, өзімізді басып отырады.  Жақында сөзден-сөз шығып кетіп, жәйбарақат қана «айтқаным бар, айтпағаным бар, маған тоғыз рет ота жасалыпты-ау, ә?» деп отыр.  Шыдамдылығына таң боламын!

Аллаға шүкір, ұл-қызы бар, немере-шөберелері бар. Қалай демалса да болады. Бірақ жұмысы өте көп. Елдегі болып жатқан жағдайдың бәрі осы кісінің жүрегінен өтіп жататын сияқты болып тұрады маған. Өзінің қажеті бастан асып жатса да, басқаның қажетін бірінші орынға қояды. Біреудің «осы сіздің қолыңыздан келеді деп сұранып тұрмын» деген өтінішін жеріне жеткізбейінше мазасы кетеді.  «Артынан қалмай, қуып жүріп жақсылық жасаған сізді көрдім» деп қалжыңдап қоямын.

 Тағы бір айтулы оқиғамен бөлісейін: Алла қалап, Қасымбек датқа қажы бабамыздың  жолымен 2012 жылы үлкен қажылыққа бару бақыты  Нұргүл сіңліміз үшеумізге бұйырды. Біздің әулеттен 2006 жылы жоғарыда атап өткен Лиза бауырымыз қажылық парызын өтеп қайтқан еді.   Менің түйсігімде жақсылыққа жақсылық тек Алладан қайтады. Қайтқаны осы шығар, жетпіске келсе де аттан түспей, елім-жұртым деп шапқылап жүргені.  «ЕлАна» атты сайт ашу барысындағы  бір ұжым жасайтын тірлікті екі-үш кісімен атқарып, бұл күндері сайт оқырмандардың  атына заты сай салиқалы сайт болғанын оқырмандар пікірінен білуге болады, өз алдына үлкен әңгіме. Осындайда айтпасаң, мақтануға, мақтауға ыңғай бере қоймайтын жан. Қашанда өсіп келе жатқан жас буынға  жол  көрсетіп, жөн сілтейтін осындай  Аналарымызға   Алла қуат берсін! Анамыз жасаған жастан асып, еңбегінің рақатын, ұрпақтарының қызығын  көрсін деген тілектеміз.

Сәуле Мешітбайқызының немере сіңлісі Нұргүл Құлтайқызы :

980489_157827024396699_350260276_o

  Сәуле Мешітбайқызы  сіңлісі Нұргүл, әріптесі Ертай Айғалиұлы Медина қаласында Үлкен қажылықта (2012ж. Пайғамбарымыздың с.а.у. «Ән-Нәуәуи» мешіті)12705677_523035421209189_338847046993785586_n

 Сәуле Мешітбайқызы күйеу баласы Ерболат Төлепбай, сіңлілері Нұргүл, Бақытгүл 

20160904_092840

 Сәуле Мешітбайқызы Анталияда демалыста жеңгесі Рәш, құдағиы Гәкку, сіңлілері Нұргүл, Мәрзия

img-20160909-wa0011

 Сәуле Мешітбайқызы Анталияда демалыста жеңгесі Рәш, құдағиы Гәкку, сіңлісі Нұргүлмен 

Қазақты басқа ұлттыда бөлмейтін ерекше қасиетті жан..! Әулетке ғана емес, жүрген жерінде  ел-жұртқа қамқоршы болады да жүреді. Мешітбай папамыз сондай кісі болатын. Бала кезімнен біз тәтеме қарап өстік.  Ең  үлкен қасиеті бауырмашылдығы тәтем немере шөбере деп бөлгенді білмейді,ешкімді бөліп-жарған емес, алдына келген адамға балаша шауып  шаруасын тындырғанша тыным таппайды. Мешітбай әкеміз ауылымызға соғыстан кейін  бірінші жылдарда  жер аударылыап келген халықты ерекше ықыласпен қарсы алып ауылда кіші ассамблея болған  сол халықтардың сіңісіп кетуінеде папаның еңбегі зор,  электр жарығын әкелген, көшелерге ағаш отырғызып, ауылға клуб, контора,мектеп салдырған кісі. Бастықпын демей өзі бала шағасымен бас бас болып,жас — кәріні ұйымдастырып , аулды көркейтуге тыным таппай еңбек еткен жан еді. Тәтеміздің осындай қайрымдылығы, еңбекқорлығы әкемізге тартқан. Тура сөйлейтіні де , үлкен-кішіге қамқор болып жоқ-жітімге қарайласуы да әкеден дарыған қасиет. Тәтемнің мақалаларының  сынаушысының бірі ретінде өткір жазған жерлерінде «тәте артық кеткен жоқсыз ба, қорықпайсыз ба , деген сұрағыма : мен айтпасам кім айтады,  деп қасқайып тұрады » ! Шындықты кесіп айтады, анау-мынау жігіттен артық, ерекше туған жан. (Ұлдарымыз момындау ..) Мен тәтемді қазақтың Батыр қызына балаймын, мақтан тұтамын ! Имандылығы өз алдына үлкен мақалаға жететіндей әңгіме. Меккеге бір уақытта бөлек бардық,мен Таразда тұрандықтан басқа группамен Алматыдан, екі тәтем басқа группамен Астанадан ұшты.  Сол жерде кездесіп жүрдік..Барлығымызға өнеге боларлық толып жатқан қасиеттерімен әулетіміздің мақтанышы  Сәуле тәтемнің әлі күнге аттан түспей елім,жұртым деп жүргенінен біз де қyанамыз. Бір ғана мысал осы туған күн қарсаңында  әулетіміздің күйеу баласы әлем таныған Азамат тәтемізге 70 жылдығына менде тәтемнің аяғын басып 60 жасқа келіппім, тәтемді бауырларымен жеңгесімен Туркияға Анталияға сый ретінде демалып келіңіз деп жіберді, тәтем жүзу малту білмейтін судан қорқатын, тәуекелшіл қайсарлығымен 1 ақ күнде малтуды үйренді  өзі біраз жерге малтып кетіп қалып жүрді…

                                                img-20160905-wa0010      img-20160904-wa0008

 Сәуле Мешітбайқызы сіңлісі Нұргүл мен  құдағиы Гәккумен Жерорта теңізінде

Бар ісі өнеге.. Тәтем тұрғанда «шаршадым» дегенді айтудан ұяламыз.   Журналистикаға кеш келседе халқының «көзі құлағы» болып халықтың алғысын алды әліде, Алла қаласа қызмет етуден шаршамайды . Жаратушыдан тәтеме денсаулық, сарқылмас қажыр-қайрат, алдымызда үлкеніміз,ақылшымыз,мақтанышымыз болып ұзақ жүре берсін деп  Алладан тілейміз.

Жайдары Амантайқызы, үлкен келіні:  «Маматайыммен әрдайым ақылдасып отырамын»

img_0497

 Сәуле Мешітбайқызының үлкен ұлы Дархан мен келіні Жайдары

Үлкен әріпті Ананың келіні болғанымды мақтан тұтамын. Мен келінімін, бірақ қызындаймын, менің анам ерте қайтыс болды. Аналық жылу мейірімді осы шаңырақта көрдім,жоғарғы оқу орнына түсіп  бітірдім, оғанда мамам себепкер болды Кейбір адамдар «ене деген бәрібір туған анадай болмайды» деп жатады. Мен оған келіспеймін.  Себебі мамам менің туған анамдай жақын болды. Мен берекесі ұйыған папам мен мамамның сыйластығын көрдім. «Атам, енем» деген сөзді де айта алмаймын. Себебі ол мен үшін ене емес, мама. Мен сол мамамның үлкен мектебінен өттім. Өкінішке орай, папам ерте бақилық болды. Мама екеуінің өмірі бізге сабақ болды.   Аллаға мың тәубе….! Беделді, ынтымақшыл, жан-жағын жинап, біріктіріп отырады. Салт-дәстүрге берік, өзінеде өзгегеді талапшыл, турашыл,қатал, керемет мейірімді аңқылдаған ақкөңіл жүрегі мейірімге жылылыққа толы. Жақсылық жасауға көмектесуге қашанда дайын… Айта берсем, маматайымның жақсы қасиеті өте көп. Осы мінездерімен елге ағайын-туыстарға, әулетімізге, өзіндік орны бар силы, ӘУЛЕТІМІЗДІҢ ӘЗ АНАСЫ.  Барлығы «көк патшамыз» деп еркелетеді. Бетің бар жүзің бар деп маймөңкелемейді айтып тастайды, онысы өзіне жарасады.  Алдымыздағы ақылшымыз, маматай, Сіз аман-есен жүріңізші, барлығымызға да керексіз. Біздің мақтанышымыз тірегімізсіз сіз екі әулеттің мақтанышысыз аман есен  әжелер сияқты шөпшек сүйіңіз осы дархан  көңліңізге Алла бергенінен жазбасын.! Тамыры жайылған бәйтерексіз мама аман жүріңіз әлемдегі жаны таза ең сұлу АНА сізсіз..!

**********

Сізді анамыздай сыйлаймыз, жақсы көреміз, құрметтейміз, бір сөзбен айтқанда Ана орнына-АНА, ата орнына- АТА болғаныңызға көп-көп рахмет…!

_sam7555

 Қолындағы немере інісі Әділхан,келіні Гүлзат, немерелері болып кеткен Елмұра,Елтаир (екеуінің атын тәтем қойды )

Құрметті де аяулы Сәуле тәте! Біз сізді шын жүрегімізбен куана 70 жас қазына жасыңызбен құттықтаймыз, денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын! Мерейіңіз үстем болып, асқақ армандарыңыздың орындалуына тілектеспіз.

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.
Бұл 70 жас — қарттық емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөбер- шөпшегіңнің ,- дей келе сізге шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сізбен бір шаңырақ астында 10 жыл тұрып келдім. Осы уакыт аралығында ешкімді бөліп-жармай әріптес, таныстарыңызды өз балаңыздай, өз бауырларыңыздай қарайтыныңызға, қамқорлығыңызга куә болдым. Айналаңызға шуағыңызды шашып, бақыт сыйлап журген сіз де-бақытты . Мен әлі күнге дейін сіздің қайсарлығыңызга таң қаламын, өз уайымыңызды ұмытып, елдің уайымын , қуанышын да бөлісе аласыз. Сізден үйренгенім де, үйренерім де өте көп. Сіздің «қызым» деп аналық мейіріммен айтқан сөзіңіз менің жүрегіме жетті.Сізді анамыздай сыйлаймыз, жақсы көреміз, құрметтейміз.   Қызымыз тілі шыққаннан  Ата деді, бұл, көп нәрсені айтып тұрған жоқпа, ғажап емеспе..?! Бір сөзбен айтқанда Ана орнына-АНА, ата орнына- АТА, ӘЖЕ орнына — ӘЖЕ болғаныңызға көп-көп рахмет. Бар жақсылығыңыз Алладан еселеп қайтсын…!

Игі тілекпен, Әділхан бауырыңыз, Гулзат келініңіз, немерелеріңіз Елмұра, Елтаир