ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРА САЛ…

Жүкті әйелі бірнеше күнге қалаға кеткен кезде, күйеуі өз ауылының бір әйелімен «ойнап-күліп» қойыпты.
Әйелі қайтып келгенде, бұл істі естіп, күйеуінен шындықты айтуды талап етіп, күйеуін үйден қуып шығыпты. Қалай болғанда да, оның кінәсін мойындатамын деп бел буыпты.
Байғұс күйеуі шындықты айтпақ болып қанша оқталса да батылы бармады. Сонда әйелдің анасы:
«Қызым, ашуыңды бас, сол «шындықты» оның өзіне қалдыр. Сонда ол «шындық» оның өз мойнына салмақ түсіріп, өмір бойы сенің алдыңда именіп, төменшіктеп өтеді. Ал егер сен сол «шындықты» айтқызатын болсаң, ол «шындық» өзіңе өмір бойы ауыр салмақ болып өтеді деп ақыл айтыпты.