Өзіңіздің болсын, басқаның баласы болсын оған мейрімділік танытыңыз!
Əйелі перзентін өмірге əкелу үшін перзентханаға кіріп кетті. Бала аман есен туылды. Ана өмірден өтті. Əйелінен айрылып, перзенті анасыз қалғанына əке қатты қайғырды. Баласын өзі бағып өсіре алмайтынын білген əке əпкесіне апарып берді. Өзі жеті айдан кейін басқасына уйленді.
Жаңа əйелінен бірінен кейін бірі екі ұл — қыз перзенттер туылды. Арадан үш жыл өтіп əпкесіне берген ұлын отбасына алып келді. Екінші анасы өз балаларына жақсы,ал жетім балаға жаман көзбен қарап мейірім көрсетпей, айқайлап əр сөзінде түрткілеп күн бермей, тамақты бөлек ішкізетін, дастарханда бірге отыруына р90сат бермейтін.
Бір күні кешке төркінінен қонақтар келді . Дастарханда түрлі тағамдар,жемістер бар еді. Жетім бала жегісі келіп қолыны ұзатқаны сол еді өгей анасы қолына ұрып жіберді де ыдысқа кішкене күріш салып балконға шығарды . Ұрсып сол жерде қозғалмай отыр қонақтар кетсе шығасын, оған дейін дауысың шықпасын дедіде ішке кіріп кетті.
Бала ішке кірсе өгей анасы ұрысатынын біліп сол жерде отырып ұйықтап кетті .
Қонақтар кетті. Əйел өз балаларын бөлмелеріне ұйықтатуға алып кірді.
Күйеуі кеш болғанда жұмыстан келді. Балаларын сұрады. Əйел:
— Бəрі ұйықтап қалды, — деді. Əйел жетім баланы балконға шығарып жібергенін ұмытты. Тамақтанып болған əке ұйқыға кетті . Түсінде бірінші əйелін көрді. Ол:
— Ұлыңыздан хабар алыңыз! — деді. Оянып кетіп əйелінен сұрады.Əйел:
— Айттым ғой сізге, ұйықтап жатыр, — деді.
Сеніп тағы ұйқыға кетті. Бірінші əйелі тағы түсіне кіріп:
— Ұлыңыздан хабар алыңыз! — деді. Шошып оянды. Əйелінен тағы сұрады. Əйелі ашуланып:
— Уфф, Не болды сонша уайымдап?! Айттымғой ұйықтап жатыр. Қатты еркелетіп жібердіңіз, сол ұлыңызды! — деді.
Тағы ұйқыға кетті . Бірінші əйелі түсіне кірді де :
— Болды. Ұлым, жалғызым менің қасыма келді, — деді. Секіріп оянып ұлының бөлмесіне кірді! Ол жоқ еді. Басқа бөлмелерді қарап шықты. Ол ешқайда жоқ еді. Балконның есігін ашып қарады. Қараса ұлы бүкшейіп жатқан жерінде жылыну үшін басын тізелерінің арасына қойған, қатты ұйқыға кеткен күйі жаны үзілген екен. Ол суыққа шыдай алмағандықтан анасының қасына кетті. Қасында ыдыста өгей анасы салып берген кішкене күріші тұр. Ол енді өгей анадан қорлық көрмейтін , жыламайтын, зұлымдар жоқ жаққа аттанып кеткен еді.
✍ …….
«Расулуллаh саллаллаху алайхи васаллам: «Кім адамдарға рахым қылмаса, Аллаh оған рахым қилмайды», деген».
(Муттафақун алайх).
Мұсылман Ата-Ана жəне балалары бір-біріне рахым-шапағат көрсету арқылы Аллаh тағаланың рахметіне бөленеді.
Өзіңіздің болсын, басқаның баласы болсын, олар үшін Аллаhдан қорқыңдар!