Өзіңізге де, бала тәрбиесінде де бұл аса қажет
Жылдар өтіп бүркіт қартаяды. Бір күні көк аспаннан қанатын кеңінен жайып, қалықтай ұшып бара жатқан әдемі құсты көреді. Көктегі құсқа таңырқай қараған бүркіт жанындағы тауықтан: «Бұл не?» деп сұрағанда ол: «Ол аспанда ұшып күн көреді, ал біз, тауықтар, жерде өмір сүреміз», — деп жауап береді.
Бүркіт байғұс өзін тауықпын деп ойлаған күйі қартайып, өледі.
Бұл әңгімеден екі сабақ алуға болады:
1. Алла сіздің деніңізді сау, аяқ-қолыңызды бүтін, ақыл-ой иесі етіп жаратты. Енді «кім» болып, қалай өмір сүретініңіз тек өзіңізге байланысты.
1.Балаңызды «кім» қылатыныңыз сізге байланысты. Балаңызға «сен ақылдысың, сенің қолыңнан барлығы да келеді, сен жақсы баласың» деп үнемі айтып отырсаңыз, әлбетте, солай болмақ…