Өзіңнен өзің ұялатын қателіктер болады
• Өзіңнің қаншалықты қайратты екеніңді мықты болудан басқа амал қалмағанда анық сезінесің.
• Сен бір адам үшін ғана ғажап болғың келеді. Ал, ол сені түкке тұрғысыз деп санайды. Өмірдегі ең үлкен қатыгездік осы.
• Сізді тек отбасыңыз бен ең жақын достарыңыз ғана жақын білсін. Тек солар ғана сізді шын жақсы көреді.
• Әлемнің бар мүмкіндігі уысыңызда бола тұра жаныңызда сүйіктіңіз болмаса, бәрі бекер…
• Сөз бастамас бұрын, тыңда. Әрекет етпес бұрын, ойлан. Сынамас бұрын, біл. Бас тартпас бұрын, тәуекел ет.
• Тәлейіңе жазылса, өмір жолында сан соққыға шыдарсың, содан ғана рухыңа жігер бітеді. Өмір сүру мағыналы бола түседі.
• Мағынаны әр нәрседен табуға болады.
• Күлкімді жақсы көремін. Күлкімнен өзімді танимын.
• Өсек-аяңға мән бермейтін болдым. Себебі, өзіме сенімдімін.
• Сенің терің қағаз емес, пышақ салма. Сенің жүзің бетперде емес, ешкімнен тығылма. Сенің тәнің кітап емес, мінеп, әуре болма. Сенің өмірің кино емес, әлден бітіріп тастама.
• Егер шынымен бақытты болсаң, өзгенің пікіріне ешқашан алаңдамайсың.
• Қателік жасап, оны сезіну — даналыққа бастайды. Қатеңді түсініп, жасырып қалмау — әділетті болудың дәлелі.
• Жетістікке жету жолында еш қобалжу маған кедергі емес.
• Өткен сынақтың бәрі менің бүгінгі болмысымды қалап шығарған кірпіштер.
• Адамды сыртқы әлпетіне қарап сынамаңыз. Бұл үлкен қателік.
• Өткен өміріңіз жаныңызға жақсылық дәнін ексін. Керісінше емес.
• Өмірде тек өзін жеңе білген адам ғана нағыз жеңіске жетеді. Өзінің үрейін, жалқаулығын, сенімсіздігін жеңген адам бақытты.
• Жалған жақсылық шынайы ашудан да жаман.
• Жаның ауырса, сен әлі тірісің. Өзгенің қайғысын сезсең, әлі адамсың.
• Шешуге тиісті сан сұрақтар бар еді, ал мен тек оларды ақ дәкемен орап, жылы жауып қоя салғанды ғана білдім. Соған өкінемін.
• Өмір тым қысқа. Сондықтан ережені бұз. Тез кешір. Ақырын сүйіс. Шын сүй. Риясыз күл.
• Кісіге күнің қарамайтыны өмірді арзандатып жібереді. Ең қиыны – бәрін өзің біліп жасау.
• Өзіңнен өзің ұялатын қателіктер болады.
• Жаныңдағы адамдар тек көңіліңнің хошын келтіруі тиіс. Олай болмаса, олар сенің жаныңда болуға тиіс пе?
• Өмірде қанша зорлық-зомбылық, қиындық көрсең де, адам баласына деген мейірімді жоғалтып алма.
Деми Ловато
Аударған Шынар Әбілдә