Пайдалы кеңестер
Ұйқы безінің жұмысын жақсарту үшін 2 ас қасық қарақұмық (гречка) ұнын жарты литр майсыз айранға араластырып, түні бойы қойып қояды. Таңертең ашқарынға соны түгел ішеді. Таңғы асты осыдан соң екі сағат өткенде ғана ішуге болады. Емді 10 күн жалғастыру керек.
* * *
Зәр жүрмей, жүрсе де жолы ашып, тұтылу болса жарты стакан балға иістікөк (петрушка) тұқымынан бір ас қасық ұнтақтап қосады. Жүгері шашағынан қайнатып ішіп, соңынан әлгі қоспадан шай қасықпен жей¬ді. Он күнде бұл ауру қайаланбайтын болып жазылады.
* * *
Денені күйік шалғанда 100 грамм тұзы жоқ сары май, жаңадан алынған бір жұмыртқаның сарысы екеуін араластырады. Оны күйген жерге тәулігіне бір рет жағады. Нәтижесі бір аптада көріне бастайды.
* * *
Көздің сыртқы қабатына аса жұқа қабат өсіп, түйіліп ауырған кезде 1 ас қасық иістікөк (петрушка), 1 ас қасық сәбіз шырынын қосып, күнделікті таңғы астан бұрын ішіп отырса, көз¬дің көру қабілетін арттырып, ауруын тежейді.
* * *
Аллергиядан зақымданған теріні қалпына келтіруде арша жапырағының пайдасы көп. Ол үшін жарты кило аршаның жас бұтақтарын жапырағымен қоса қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста екі сағат ұстайды. Осы суға шомылу керек. Бір ай жалғастыр¬ған жақсы.