Пайдасы қойдың көл-көсір
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша пилоттық жобаға 2478 тұрғын қатысып, несие алған, сондай-ақ 25 елді мекеннен 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосылған көрінеді. «Пилоттық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде әрбір отбасының табысы орта есеппен 4 есеге артты. Жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге өсті. 589 жаңа жұмыс орны құрылған. «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған. Сондықтан кез-келген жобаны жүзеге асыру кезінде тұрғындарға қандай пайда әкелетіні туралы саралау керек. Осы бағытта 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылған болатын. Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізген. Осы айтулы «Ауыл Аманаты» жобасына 2019 жылы Шу ауданы бойынша » Жаңа қоғам» ауылдық округтерінде іске асырылу бағытталған болатын. Атаулы ауылдық округтің ішінен «Берік» ШҚ жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алып шаруашылығын 50 бас қой, 3 бас жылқымен бастаған. Осы жобаның тиімділігін түсінген ауыл тұрғындарының арасынан 300 ге жуық шаруа қожалықтары өз кәсібін дөңгелентуде. «Берік» ШҚ жетекшісі Серік Асылбековтың сөзіне сүйенсек бұл шаруа қожалығына тиесілі 100 гектар жайылым жері мен 25 гектар суғармалы жерін тиімді пайдаланып отырған көрінеді. Сонымен қатар 2023 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша мал азығын дайындау мақсатында жаңа техникалар және құны 8 млн теңгеге Рессей мемлекетінен мал азығын дайындауға (түйршек) жем шығаратын цехын іске қосып отыр.
Жумахан Чекаев