Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және әйелдер
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ең бірінші дінді əкелген уақытта, бүкіл əлемге бір өзі қарсы шықты. Сонда оны алғаш болып қолдаған əйел адам еді.
Ол — Хадиша анамыз (Алла разы болсын).
Алла жолында ең бірінші шаһид болған да əйел адам еді.
Ол — Сумəйя анамыз (Алла разы болсын).
Пайғамбырымызға (с.ғ.с) балаларының ішінде ең жақыны əрі сырласы болған қыз бала еді.
Ол -Фатима анамыз (Алла разы болсын).
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) əкесі мен анасы дүниеден өткенде, оған əке орнына əке, ана орнына ана болған да əйел адам еді.
Ол — Үммі Айман анамыз (Алла разы болсын).
Худайбия келесімінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына ренжіп, шатырдың ішіне кіріп кеткенде, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ақыл айтып, үлкен көмек берген əйел адам еді.
Ол — Сəуда анамыз (Алла разы болсын).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүниеден өткенде мешітте немесе түзде емес, əйелінің бөлмесінде, сол əйеліне басын сүйеп жатқан күйде дүниеден қайтты.
Ол — Айша анамыз (Алла разы болсын) еді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қиын-қыстау кездерінде қасынан əйел адамдар да табыла білген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген:
«Мені түсінде көрген өңінде де көреді (немесе өңінде көргендей болады), өйткені шайтан менің кейпіме ене алмайды».