ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Голливудтағы «Даңқ Аллея-сында» АҚШ-тың әлемге мәшһүр атақты тұлғаларының есімдері жазылған жұлдыз белгілері жерге, яғни тротуарға орналастырылғаны белгілі. Тек бір адамның жұлдызы ғана жерге емес, Аллея қабырғасына ілінген. Ол кімдікі дейсіз ғой? Бұл әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұлдызы. Белгінің тротуарға емес, қабырғаға орналастырылуын боксшының өзі сұраған екен. Өйткені, ол пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі табан астында таптал-масын деп, жоғарыға қоюды қалаған.
Бос орын кімдікі?
Мәдина қаласындағы Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің ішінде бөлек Жасыл үй орналасқан. Онда пайғам-барымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның жанында алғаш-қы екі халиф Әбу Бәкір мен Омар жерленген. Пайғам-барымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екінші жанында бос қабір орны тұр. Көптеген мұсылмандар мен Құран тәпсіршілері бұл орынның Исаға (Оған Алланың сәлемі болсын) арналған-дығын айтады. Хадистерден білетініміздей, ол Тажалды өлтіру үшін екінші мәрте Жерге келіп, кейін 40 жыл патшалық құратыны белгілі.
Кең таралған есім
2008 жылы Мұхаммед есімі Лондонда туған нәрестелерге ең көп қойылған ат болған. Жалпы тек Англияда ғана емес, бүгінде Еуропаның басқа да елдерінде Мұхаммед есімі өте көп таралған. Мәселен, деректерге сүйен-сек, Бельгияда дүниеге ке-летін сәбилердің жартысы мұсылмандар, соның көбі Мұхаммед есімін алатын көрінеді.
Қазақ халқы да Мұхаммед есіміне кенде емес. Атақты-лар арасынан Махамбет, Дінмұхаммед Қонаев, Мұхаммед-Қанапия (Шоқан), Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхаммедқали (Мұқағали) Мақатаев, Нұрмұхаммед (Балуан Шолақ), т.б. айта берсе болады. Асыл дініміздің қайта өркендеуімен қазір де қазақ сәбилеріне Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Мұхаммедәли және Мұхаммед есімдері жиі қойыла бастады.