ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

 

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 2019 жылы 12-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында, Конгресс-орталығында өтеді (Сауран көшесі, 44). Әлем чемпионатына бес құрлықтың 79 елінен 450-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы әрбір салмақ санатында бақ сынаспақ. Ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ Индонезиядағы 2018 Азия ойындарының жеңімпаздары Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбан Абдыкалықова сияқты спортшыларымыз өнер көрсетпек.

Қазақстан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өз тарихында алғаш рет қабылдайды. Әлемдік маңызды спорт жарыстарын өткізуге біздің пара спортшыларымыздың халықаралық ареналарда жеткен жетістіктері арқасында қол жеткізіліп отыр.

Елордалықтарды, қала қонақтарын және спорт сүйер қауымды 12-20 шілде аралығында спортшыларымызды қолдау үшін Конгресс-орталығына шақырамыз.

Ұлттық паралимпиада

комитетінің баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 8 701 979 90 01

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.