«Парасатты отбасы» байқауы өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Облыс әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, жанұя мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, ізгілік қарым-қатынастарды қалыптастыру, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау. Қазіргі заманғы отбасының парасаттылық мәдениетін дамытудың тиімді тәжірибесін тарату.


Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңдеріне 158 отбасы қатысып, өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Облыстық байқауға әр ауданнан (қаладан) 11 отбасы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен, дипломадармен марапатталды.

Бас жүлде — Жаңабаевтар отбасы

1-орын Қыдыровтар отбасы

2-орын Тынышбековтар отбасы

3-орын Абраймовтар отбасы

3-орын Омаровтар отбасы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жамбыл облысының білім басқармасы