ПАРИЖ-2024: МҰХАММЕДСАБЫР ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы аса қиын жекпе-жекте Азия Ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік боксшы Лай Чжуэнді 3:2 есебімен жеңді.
Енді Мұхаммедсабыр 1 тамыз күні грузин боксшысы Лаша Гурулимен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Олимпиада төрінде түркістандық тағы бір спортшы Панарин іріктеу кезеңінен өте алмады.
Бүгін рингке боксшы Сәкен Бибосынов шығады. Отандасымызға сәттілік тілейміз!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі