Парламент депутаттары қазақстанның шалғайдағы ауылдарын аралайды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің мәлімдеуінше депутаттар жолға шығады. «Депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз — Президенттің бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әр отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіру іске асырылады», — деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Белгілі болғандай, 6 сәуірге дейінгі аралықта депутаттар өңірлерде болады. Мәжіліс төрағасының сөзіне қарағанда, халық қалаулылары кездесулерді облыс орталықтары мен ірі қалалардан бөлек,  шалғайдағы ауылдарда, елді мекендерде де өткізеді. «Өңірлерден оралғаннан кейін, біз әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмысты бастаймыз. Осы орайда атқарылатын шаралар ауқымды болады», -деді ол.

Нағашыбай Қабылбек