Парламент депутаты ауданда…

«Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламент депутаты Перуашев Азат Тұрлыбекұлы Сарысу ауданына қызметтік іссапармен келді. Іссапар бағдарламасына сәйкес, халық қалаулысы аудан орталығындағы тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы 9 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.

 

Азат Тұрлыбекұлы өз кезегінде «Елімізде жарияланған төтенше жағдай, одан кейінгі карантиндік режим кезінде Қазақстанның әр түпкіріндегі жерлестеріміздің жағдайын білу біздің басты міндетіміз.
Осыған орай, «Ақжол» демократиялық партиясының Сарысу ауданы бойынша өкілі Абдрахманов Шыңғыстың ұсынысымен Жаңатас қаласындағы аз қамтылған отбасыларға және аудандық ауруханаға 3 оттегі концентрат аппаратын сыйға тартып, әлеуметтік көмек көрсетуді жөн деп санадық.
Бұл қайырымдылық емес, бұл біздің шынайы ниетіміз деп қабыл алыңыздар» — деді.