Патшаның даналығы
Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.
Сонда әкесі:
* Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақалдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.
Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек деген екен!
Білім мен парасаттылық, даналық-ол деген ӨМІРДІҢ өзі! Бізді қоршаған орта мен әр сәтіміз сабақ алып ой түйетін дүние екенін есімізден шығармайық…..