Павлодарға өңірде өсірілген қызылшадан өндірілген 11 тонна қант жеткізілді  

 

Алматы облысындағы Көксу қант зауытында павлодарлық шаруалар өсірген қызылшаның қант құрамының молдығы мен оның жоғары сапасын атап өтті.

Еске сала кетейік, осы жылы Павлодар облысында тоғыз шаруа қожалығы эксперимент ретінде бір-бір гектар қант қызылшасын отырғызып, 270 тонна өнім алған еді. Осылайша, өңірде алдағы екі жылда іске қосылуы тиіс қант зауытына қажетті шикізат базасын дамыту бойынша даярлық жұмыстары басталды. Қараша айының басында шаруалар астықтың бір бөлігін Алматы облысындағы Көксу қант зауытына жіберген еді. Ал, осы аптаның басында Павлодарға облысымызда өсірілген қызылшадан өндірілген 11 тонна қант жеткізілді.

– Көксу қант зауытының қызметкерлері біздің қызылшаның құрамындағы қант құрамының молдығын атап өтті, – дейді «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Мансұр Қайырбаев. – Мысалы, Алматы облысында өсірілген қызылшаның құрамындағы қант деңгейінің көрсеткіші 15% болса, Павлодар облысының қызылшасында бұл көрсеткіш 18%-ы құрады. Сонымен қатар, біздің аграрийлер тыңайтқыштар мен арнайы техниканы пайдаланбағанын атап өту керек. Қант зауытындағылар біздің қызылшаны көргенде оны жудыңдар ма деп сұрады. Павлодар облысының топырағы құмайтты болса, Алматы облысында егістік алқаптарының жері саздау болып келеді. Өңдеуші компанияның сұрағының мәні де осында.

Қазіргі кезде павлодарлық қызылшадан өндірілген қант ӘКК қоймаларында сақтаулы тұр. Корпорация басшылығы алынған өнімді қалай пайдалану керектігін шешіп жатыр. Олар қантты тұрақтылық қорында сақтаулары немесе әлеуметтік аз қорғалған тұрғындар тобына таратулары мүмкін.

Келесі жылы Павлодар облысында қант қызылшасын 300 гектар аумақта егуді жоспарлап отыр. Мамандардың айтуы бойынша қызылша топырақ қабаты әр түрлі аумақтарда – Железин, Павлодар және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ, Ақсу қаласының ауылдық аймағында егілетін болады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді «Павлодар» ӘКК ұсынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.