Павлодар қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Президенттік олимпиададан күміс медальмен оралды

Теміртау қаласында өткен Президенттік олимпиаданың финалында Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжігітов Ернар күміс медальге ие болды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне республика бойынша 171 мектеп оқушысы қатысты. Әр өңірден жиналған мықтылар екі күн бойы физика, математика, химия және биология пәндері бойынша бақ сынасты.

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын қорғаған Ержан Ақжігітов:

– Мұндай ауқымды да күрделі олимпиадада алғаш топ жаруым. Әрине қобалжу болды, әйтсе де мен үшін таптырмас тәжірибе дер едім. Физика пәнімен қоса, математика, биология, химия пәндерінен келген күрделі сұрақтарды шешу керек болды.

Тапсырмалары жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін Олимпиада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер отандық жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Әлихан Рахметоллаұлы

Суреттер: НЗМ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.