«Павлодар» АЭА британдық журналдың рейтингі бойынша әлемдегі үздіктердің қатарына кірді

Танымал британдық fDi Мagazine журналының нұсқасында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы «Үздік ресурстық-шикізаттық база – 2018» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

fDi Magazine (Foreign Direct Investment) экономиканың жеке секторлары бойынша жаһандық инвестициялық қызметіне деген заманауи көзқарасын ұсынып, әлемнің экономикалық аймақтарының рейтингін шығарып келеді. 10 жыл қатарынан 15 мың дана тиражымен екі айда бір рет шығатын басылым FinancialTimes халықаралық басылымының бір тармағы болып табылады.

– fDi берген оң баға бұл тек басылым бетіндегі жол ғана емес, себебі журнал рейтингі бизнестің жаһанды элитасы және жетекші сарапшылары болып саналады, – дейді АЭА басшысы Айбек Тұрсынғалиев. – fDiMagazine атынан номинацияға ие болу «Павлодар» АЭА аймағын кез келген бизнес және өндіріс түріне арналған қолжетімді және сапалы шикізат көзі бар, бизнестің дамуына қолайлы халықаралық инвестициялық алаң ретінде көрсетеді.

Бүгінгі күні «Павлодар» АЭА аймағында әлемнің ондаған мемлекеттеріне жеткізілетін 30-ға жуық өнім түрлері өндіріледі. АЭА өндіретін өнімдер қолжетімділігі мен жоғары сапасының арқасында шет мемлекеттерде жоғары сұранысқа ие. Қазіргі таңда АЭА арасындағы ұйымдастырылған өнеркәсіптік кооперация, салықтың негізгі түрлерінен босатылу (ҚҚС, КТС, мүлік және жер салығы) және кедендік баж салығының жоқтығы бизнесті ұйымдастыру үшін бос өндірістік салада жұмыс істегісі келетін шетелдік бизнесмендердің қызығушылығын туғызады.

– Жылдың жетекші ресурстық-шикізаттық базасы атағы – fDi рейтингінің ең маңызды номинацияларының бірі, – дейді Айбек Тұрсынғалиев. – Бұл инвесторлар үшін өте маңызды артықшылық болып табылады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы