Павлодар ауданында тәжірибеден өтетін студенттерге жатақхана беріледі

Павлодар облысының ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары Toraighyrov University-де дөңгелек үстел басында кездесті. Университеттің сарапшы-ғалымдары ірі шаруа қожалықтарынң басшыларымен студенттерді жұмысқа орналасуы және жоғарғы сынып оқушыларын кәсіби бағыттау мәселелерін талқылады. 

Павлодар тәжірибелік станциясының директоры Байжан Уалханов университеттің болашақ түлектерін станцияға жұмысқа орналасуға шақырды. Ол жақында еліміздің заңнамасына аграрлық факультеттердің студенттері мемлекеттік грантты өтеу үшін өз мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі керектігі туралы өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

– Облыс орталығынан 20 км жерде ғана орналасқан тәжірибелік станцияда жұмыс орындары бар. Қазіргі кезде станция жаңа техникамен жабдықталып жатыр. Штат кестесі өзгеріп, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, – деді Байжан Уалханов.

Павлодар ауданында орналасқан «Жаңа қала» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Тұрлыбаев тәжірибеден өтуге келетін студенттерге лайықты еңбек ақы, үш мезгіл тамақ, жаңа жатақхана беруге уәде етті.

– Біздің қожалыққа тәжірибеден өтуге студенттер тұрақты келіп тұрады. Оларды орналастыру мәсеелсі қиындыққа соғатын. Жақын арада біз бір ғимаратты жөндеп, ол жерде жазғы жатақхана ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Тұрлыбаев.

Шараға ұйытқы болған Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы студенттерге сапалы білім берген агротехнологиялық факультеттің профессоры Ұлан Әлмешевке, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жастілек Уахитовке, қауымдастырылған профессор Ирина Аникинаға Алғыс хаттар табыс етті.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.