«Павлодар» әлеуметік кәсіпкерлік корпорациясы  Ақсу қаласында қант зауытын салатын инвесторларды тартуда

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ақсу қаласында қант зауытын салатын ресейлік инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Павлодар қаласындағы Инвесторлар үйінде өткен кездесуде «Сасса» инвестициялық-консалтингтік топ өкілдері атап өткендей, қазіргі кезде Қазақстанда өндірілетін қанттың көлемі еліміздің қажеттілігін 27 пайызға ғана қамтып отыр. Тәтті өнімнің бұл түрін қазақстандықтар алыс-жақын шет елдерден экспорттауға мәжбүр. Ал, Павлодар облысы қант қызылшасын өсіруге қажетті жер, су мен өзге де ресурстарға ие бірден-бір өңір. Аталмыш жоба жылдық қуаттылығы 144 000 тоннаны құрайтын қант зауытын салуды көздейді. Өнім ішкі нарыққа жіберілумен қатар, көрші елдерге де экспортталмақ.

– Біз нарықты сараптадық. Белгілі болғандай, Қазақстанда қант жетіспеушілігі бар. Сондықтан Ақсу өңірінде қант зауытын салуға ниетті кәсіпкерлерді тартудың жолдарын қарастырдық. Бұл жоба арқылы ел ішіндегі нарықтың 20%-ын иеленбекшіміз. Сондай-ақ, 200-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылады. Жуық арада екі тарап өкілдері тағы бір кездесу өткізіп, қажетті келісім құжаттарына қол қояды, – деді «Павлодар» ӘКК» АҚ-ың мамандары.

Айта кетейік, «Сасса» инвестициялық-консалтингтік тобы Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттерінде жалпы саны үш қант зауытының құрылысын қолға алмақ.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған