Павлодар мектептеріне интернет жылдамдығын арттыру үшін 180 млн теңге бөлінді
1 қыркүйекте бұл соманың 84,5 млн теңгесі игерілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынына облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков айтты.
— Өңірдегі барлық білім беру нысандары 100% компьютерлік техникамен және ақпараттық жүйелермен жабдықталған, — деді Кенжебек Азатбеков. — секундына 4 Мбит жылдамдықпен кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізе алады және Wi-Fi қатынау нүктелерімен қамтамасыз етілген.
Соңғы үш жылда облыстың 52 мектебінде қазіргі заманғы Teacher Office мұғалімдер кабинеттері және еуропалық стандарттар бойынша бағдарламалау дағдыларына үйрету бойынша балаларға арналған 29 тегін IT-сыныптар ашылды, оның ішінде 18 — і ауылдық мектептерде. Жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен мұндай ІТ-сыныптар басқа мектептерде пайда болады.
Спикердің айтуынша, облыстың 96 білім беру мекемесіне жылу режимін бақылау және талдау жобасы енгізілген. Оның құны бір нысанға 236 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, өңірде балаларды кезекке қою, балабақшаларға жолдама беру және мектепке электронды жазылу бойынша Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру толық ауқымды жүргізілуде.
Өңірде электрондық жазба мектептердің 87,5%-ы мен мектепке дейінгі ұйымдардың 90%-ында енгізілген. Балабақшаларда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін жергілікті бюджеттен 41,1 млн теңге, мектептерде 28,9 млн теңге бөлінді.
Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-нің сайтынан алынд