Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан машина жасаушылар одағының мүшелігіне қабылданды   

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметі машина жасау саласындағы бизнес-жобаларды жүзеге асыруға және зерттеу-конструкторлық жұмыстарды құрастыруға бағытталып отыр. Осы бағытттағы ЖОО қызметін жандандыру мақсатында университет ғалымдары елордада өткен машина жасаушылардың VII форумына қатысты. 

— Болашақ машина жасаушыларды даярлау мақсатында университетте дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылады. Студенттер оқу сабақтарының 40 пайызын өндіріс орындарында өткізеді. Біздің әріптестеріміздің қатарында өңірлік ірі кәсіпорындар – Павлодар мұнай химия зауыты, «KSP Steel» ЖШС-і бар. Мәселен, «Мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібіндегі құрал-жабдықтарға техниңалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының студенттері екі күн мұнай-химия зауытында жұмыс істесе, үш күн университетте теериялық білім алады, — дейді металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, техникалық ғылымдар кандидаты Қайратолла Әбішев. – Сонымен қатар, «Бозшаколь» тау-кен байыту комбинатының сұранысы бойынша машина жасаушы DSC инженерлерді де даярлайтын боламыз. Астанадағы форум ғалымдар үшін ғана емес, бизнес пен мемлекеттік органдар, шетлдік инвесторлар үшін де тамаша сұхбат алаңына айналды.

Сарапашылар жас мамандарды өндіріске тарту және олардың даярлық деңгейін көтеру мәселелерін талқылап, заманауи кезеңдегі машина жасау саласының даму стратегияларын сөз етті.

Кәсіпорындар үшін өздерінің болашақ мамандарын даярлау барысында олардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша түзетулер енгізіп, кадрларды дарялау және қайта адярлау бойынша шығындарды азайтуға болады. Университет машина жасау саласында студенттердің ғылыми жобаларын қаржыландырып, жаңа идеяларды коммерциализациялау арқылы жәрдемдеседі. Осылайша, студенттер ғылыми жетекшілердің бақылауымен мүгедек арбасының электр қозғалтқышты моделін, «ТОР» электр мотоциклін және қозғалтқыштар үшін қажет сутегі генераторын жасап шығарды.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы