Павлодар мемлекеттік университетінде bookcrossing алаңы ашылды
С. Торайғыров атынддағы Павлодар мемлекеттік университетінде кітаптармен алмасуға арналған bookcrossing алаңы ашылды. Әлеуметтік жобаның авторлары — «Social Development Center» қоғамдық қоры.
Ұйымдастарушылардың пікірінше, кітап оқуға қызығушылықты баулу жастардың мәдени-білім көкжиегін кеңейтіп, оларды бәсекеге қабілетті етеді.
Бүгінде кітап сөрелерінде әлемдік әдебиеттің үздік туындылары өз оқырмандарын күтуде.
Кітапұмар студенттер өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, өзі оқыған кітаппен алмастыра алады. Алмастыратын кітап болмаса, кейін бұл туындыны басқа оқырман оқи алады.
Ұйымдастырушылар тек кітап алмасумен шектелмей, алдағы уақытта әдеби викториналар өткізіп, өңірдің ақын-жазушыларымен шығармашылық кештер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, жоба шеңберінде Қазақстанның он жеті облысында 57 вookсrossing алаң құру жоспарланған.
Әлихан Рахметоллаұлы