Павлодар мемлекеттік университетінде Шәкен Аймановтың 105 жылдық меретойына арналған іс-шара өтті

 

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әйгілі әртіс, қазақ киносының майталманы Шәкен Аймановтың 105 жылдлығы оpen spaсe форматында атап өтті.

Шараны «Кино — тарихи дереккөз» киноклубы жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» институтымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақ киносының негізін қалаушы, жерлесіміз Шәкен Аймановтың шығармашылығымен танысуға клуб мүшелері мен киносүйер қауым жиналды. Кездесу барысында жиналғандар «Біздің сүйікті дәрігер», «Жамбыл», және «Тақиялы періште» фильмдерінен үзінділерді тамашалады.

Киноклуб жетекшісі, PhD докторы Аслан Азарбаевтың айтуынша, Шәкен Аймановтың кинокартиналарын қазақ өнері мен рухани мәдениетінің биік шыңы деуге болады. Майталманның жауһар туындыларында қазақ халқының философиясы мен оның тарихи рөлі айқын көрініс тапқан.

— «Песня зовет», «Біздің сүйікті дәрігер» және «Тақиялы періште» картиналары тарихи зерттеулер тұрғысынан қызығушылық танытады. Бұл кинотуындылар 1960-шы жылдарда өмір сүрген кеңестік Қазақстанмен таныса алады. Сол кездегі адамдардың сөйлеу мәнері, тұрмыс-тіршілігі көрермен үшін баға жетпес дүние, — деді Аслан Азарбаев.

«Рухани жаңғыру» институтының директоры Ержан Торайғыров өз халқының өткенін танығысы келген азаматтар Шәкен Аймановтың шығармаларын көруге тиісті екенін атап өтті. .

— Біз жастарға кинотундылардың мағынасын түсінуді үйреткіміз келеді. Жас буын өкілдері кеңестік замандағы киноларға қызығушылық танытпайды. Қазақстандық кинемотографтан да ауылы алыс. Бүгінгі кеште студенттерге кеңес заманында өмір сүрген азаматтардың өмірі туралы, олардың өмірлік ұстанымдары туралы жеткізгіміз келді, — дейді Ержан Торайғыров.