Павлодар мемлекеттік университетінде Алюминий кластерінің апталығы өтті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде металлургия кафедрасының ұйымдастыруымен алюминий кластері кәсіпорындарының апталығы өтті.

Апталық шеңберінде «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның цех бастығы Ерғанат Хұсайынов, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ цех бастығының орынбасары Ермек Наурызбаев, «Вектор Павлодар» ЖШС-нің директоры Прокопий Кутькин болашақ металлургтерге дәріс оқыды.

Дәрістер барысында өндіріс технологиясы, дипломдық жобаларды жазу, өндірістік тәжірибеден өті, жұмысқа орналасу мәселелері де талқыланды.

Металлургия кафедрасының меңгерушісі, технология ғылымдарының кандидаты, профессор Мерхат Сүйіндіковтің айтуынша, алюминий кластерінің дамуы Ертіс өңірінде металлургиялық ғылым мен білім дамуының негізі, ал әріптестерді даярлау түлектердің жұмыс берушілердің талабын орындауға сеп болмақ.

– Кафедра алдағы уақытта Қазақстандағы глинозем өндіретін кәсіпорындармен байланысты нығайта түспек, деді Мерхат Сүйіндіков. – Сонымен қатар, бастапқы алюминий шығаратын «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-мен әріптестік орнатуды жоспарлап отырмыз. «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ құрамындағы қоспалы алюминий шығаратын «GissenHaus» ЖШС мен алюминийден жасалған көлік дискілерін өндіретін «Вектор Павлодар» ЖШС-мен екіжақты диалог орнатылады.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған