Павлодар мемлекеттік университетінде «Аrt-garage» креативтік идеялар орталығы ашылды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Art-garage» атты жаңа коворкинг орталығы ашылды. ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова «Аrt-garage» жастардың креативті идеяларын жүзеге асыруға арналған шеберхана болатынын айтты.

Оның құрамында бірнеше жобалық компаниялардың ІТ-мамандары, құрылыс және машина жасау саласындағы сәулетшілер мен сарапшылар бар және бірлескен жұмысқа арналған формалды емес алаң болып табылады. Бүгінгі таңда коворкинг орталыққа «TKR — Toraighyrov University» фирмасы мен арт-галерея орналасты.

 

— Бұл — студенттерге арналған орын. Жастар заманауи технологияларды пайдаланып, жобаларын жүзеге асыра алады, — дейді «TKR Group» компаниясының директоры Александр Шанькин. — Бұл жерде виртуалды шынайылық, 3D-голограммалар, байланыссыз бақылау ұсынылады. Студенттер жаңа технологияларды меңгерумен қатар, оларды жобаларды жүзеге асыру барысында пайдаланады. Технологиялар оқу процессіне енгізіледі және ақпаратты тез игеруге мүмкіндік береді.

«Аrt-garage» — қала ішіндегі шығармашылық оазис. Бұл формат Калифорнияның классикалық гараждары негізінде құрылды. Осы тектес орындарда «Apple», «Google» сыяқты компаниялар пайда болған.

Жаңа коворкингті ашу барысында «білім берудегі виртуалды шынайылық» жобаларының тұсуы кесілді. Ветеренария, агрокешен салаларындағы әзірлемелер, дәнекерлеу тренажері, сонымен қатар, студенттерді ңөзге жұмыстары көрсетілді.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы