Павлодар мемлекеттік университетінде «Электр энергетикасы» пәнінен республикалық олимпиада өтті
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Электр энергетикасы» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиадада еліміздің 10 жоғарғы оқу орындарының намысын қорғаған командалар өз білімдерін көрсетті.
Университеттің Электр энергетикасы кафедрасының меңгерішісі, техникалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор Вадим Марковскийдің айтуынша, жарыс екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезең олимпиадаға қатысушы жоғарғы оқу орындарының базасында өтсе, екінші кезең өткен жылғы олимпиада жеңімпазы болған университетте ұйымдастырылады.
Қатысушы командалар кәсіби дағдыларын ортаға салып, «Электр машиналары», «Электр желілері мен жүйелер», «Электрмен жабдықтау», «Электр станциялары және қосалқы станциялары» пәндері бойынша білімдерін саралады.
— Олимпиадаға ПМУ студенттері конкурстан тыс қатысып, жақсы көрсеткшітерге қол жеткізді, — деді Вадим Марковский.
Олимпиада қазыларының шешімі бойынша жарыстың кубогы мен бірінші орынға Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері ие болды. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамасы екінші орынға табан тіресе, үшінші орын Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің команадсына бұйырды.
Әлихан Рахметоллаұлы