Павлодар облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бойынша көмекшісі тағайындалды


Павлодар облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бойынша көмекшісі болып Елжан Смағұлов тағайындалды. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жаңа кеңесші 1975 жылы туған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.

Оқу орнын 1998 жылы аяқтаған соң ол материалдық қамтамасыз ету ротасы командирінің орынбасары, мотоатқыштар ротасының орынбасары, әскери комиссардың орынбасары – бірінші бөлімшенің бастығы, Павлодар облысы Железин ауданының әскери комиссары қызметін атқарған. Қостанай, Рудный және Ақсу қалаларында қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары болған.

2011-2017 жылдары — мобилизациялауға дайындық бөлімшесі мен Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларында біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі аумақтық бөлім бастығы, бастықтың орынбасары. Соңғы кездері ҚР өндірістік қауіпсіздік стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету бөлімі, бақылау және көтеру механизмі орталығы бойынша бөлімнің аға офицері қызметін атқарған.

Әлихан Рахметоллаұлы