Павлодар облысында үздік тракторист-машинист анықталды

Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің базасында өндірістік оқыту шеберлері мен аграрлық-техникалық колледж студенттері арасында «2019 жылдың үздік тракторист-машинисі» аймақаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, жарысқа Успен, Шарбақты, Ақтоғай, Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Май, Железин аудандарының колледждері мен «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі, Полян аграрлық техникумы мен Благовещенск кәсіптік лицейі қатысты.

– Байқау тапсырмасы бойынша өндірістік оқыту шеберлеріне заманауи әдістемелер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы практикалық материал дайындау қажет болды, – дейді баспасөз қызметінде. – Өндірістік оқыту шеберлері арасында Азамат Қабиев үздік атанды. Екінші орынды өндірістік оқыту шебері Елемес Рахымжанов жеңіп алды. Ал үшінші орынға Қайрат Қартаев лайық деп танылды.

Сонымен қатар, студенттер арасында Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенті Арман Ахмулдинов үздік атанып, бірінші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.  Екінші орынды Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің студенті Виктор Вальгер иеленді.  Жүлделі үшінші орын «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенті Павел Дунецке бұйырды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

 

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.