Павлодар облысында 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждықтарына 2 миллиард теңге бөлінеді  

Мүмкіндігі шектеулі жандарды санаторлық-курорттық еммен, арбалармен және тифло-құралдармен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы қарастырылды. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бұл туралы  Nur Otan партиясының жобасы «Фракция күні» алаңындағы мүгедектермен кездесуде айтты.

Облыс орталығында өткен кезекті «Фракция күні» мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларын шешуге арналды. Осы кездесудің алдында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мүгедектердің мүдделерін қорғайтын ҮЕҰ және қоғамдастық өкілдерімен жұмыс жиналысын өткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы  Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пост жариялап, мүмкіндігі шектеулі жандардың өзекті проблемалары туралы пікір жазуларын сұрады.

– Біз әрқайсыңызды тыңдап, Сіздер қойған міндеттерді шешуге дайынбыз, – деді әкімі кездесу кезінде. – Біз бұл жұмысты объективті түрде жүргізгіміз келеді. Келесі жылы мүгедектердің мұқтаждығына бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді, осы жылы бұл мақсатқа 1,6 миллиард теңге бөлінген болатын.

Мүгедектер тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі – санаторлық-курорттық емге байланысты. 2020 жылы осы бағыттағы қаржы екі есе артады. Сонымен қатар, облыстық бюджетте мүгедек адамдарды ем алу кезінде алып жүретін жақындарының жолақысын төлеу үшін де қаржы қарастырылған.

– Біз Павлодарда үлкен реабилитациялық орталық салынғанын қалаймыз, – деді мүгедек балалардың ата-аналарының атынан сөз сөйлеген Зухра Ерменова. – Қазіргі кезде облыста екі мың мүгедек бала бар, олардың бәрін қабылдауға қолданыстағы орталықтың мүмкіндігі жетпейді.

Болат Бақауов реабилитациялық орталықтардың желісі кеңейетінін айтты.

– Жақында ғана біз балалар оңалту орталығының жанынан қосымша корпус аштық, енді орталық 110 бала емес, 30 балаға қызмет көрсетеді, – деді ол. – Сонымен қатар, біз Павлодардан аумағы екі мың шаршы метрден артық ғимарат тауып алдық. Алдағы уақытта оны жөндеп, реабилитация орталығына айналдыратын боламыз. Осы бағыттағы мәселелердің шешімін алдағы үш жылы ішінде толық шешетін боламыз.

Көз жанары көрмейтін жандардың да проблемалары назардан тыс қалмады. Егер, жыл басынан бері Павлодар облысында 39 арнайы ноутбук сатып алынса, жыл соңына дейін тағы да 186 ноутбук сатып алынатын болады. Кейбір компьютерлерді әр қала мен аудан орталықтарындағы коворкингтерде орналастырады. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандар үшін 188 арнайы сағат пен 182 ұялы телефон сатылып алынады.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жалпы құны 63 млн теңгені құрайтын 500 мүгедектер арбасы сатып алынады. Арнайы қозғалыс құралдарына деген қажеттілік жыл соңына дейін толық қамтамасыз етілетін болады.

Кездесуде инватаксидің жетіспеушілігі мәселесі жеке қаралды.  2020 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау қызметіне бюджетке 12 миллион теңге артық салынатын болады. Осы мақсатқа Павлодарда 57 миллион теңге бөлінеді.

 

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.