Павлодар облысында 3 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

Павлодар облысында ағымдағы жылы 3 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты.

Облыс орталығындағы «Жас дарын» мектебін биыл бітірген түлектердің қатарында сегіз “Алтын белгіге” үміткер және алты оқушы Үздік аттестатқа үміткер, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының гранттарының иегерлері бар.

– Бұл балалардың, олардың ата-аналары мен педагогтарының зор жұмысының нәтижесі, – деді аймақ басшысы Болат Бақауов. – Балаларды өте жақсы тәрбиелегені үшін олардың ата-аналарына, мұғалімдерге көп алғыс  айтқым келеді, ал, түлектерге сәттілік тілеймін.

Павлодар облысының әкімі оқу жылының қорытындысы бойынша “Жас Дарын” мектебі өңірдегі үздік білім ордасы деп танылғанын атап өтті. Дәстүр бойынша он бірінші сынып оқушылары қоштасу вальсін билеп, олардың өміріндегі соңғы қоңырау соғылды.

– Бүгінгі күні өмірге жолдама берген алтын ұямызға алғысымызды білдіреміз, – деді мектеп түлегі Бауыржан Темірболат. – Қоштасқым келмейді, бірақ бізді алда не күтіп тұрғаны да қызықты. Барлық түлектергетек жақсылық тілеймін!

Биыл Павлодар облысында 3590 түлек бар. Олардың 159–ы “Алтын белгі” аттестатына, 127-і Үздік аттестатқа үміткер.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған