Павлодар облысында ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестициялар көлемі артуда
Осы жылыдң жеті айында өңірідң агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестициялардың көлемі 18,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен жиналыста ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков мәлімдеді.
— Инвестициялардың көбеюіне несиелердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен инвестициялық субсидиялау бағдарламалары жағымды әсер етті, — ауыл шаруашылық басқармасының басшысы. –Қазіргі кезде тартылған инвестициялардың көлемі бойынша Ертіс және Успен аудандары көш бастап тұр.
— Инвестициялардың көлемі бойынша тізімнің соңында қалған аудандар: Аққулы ауданы – 67,2% және Павлодар ауданы – 88%.
— Бұл екі аудан инвестицияларды тарту көрсеткішін нег орындамағандарын анықтап, жыл бойына дейін индикаторларға қол жеткізу керек, — деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде көш соңында қалған аудандардың әкімдері өңір басшысын осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін барлық жоспарлы көрсеткіштер орындалатынына сендірді.
Ағымдағы жылыдң 7 айы бойынша АӨК саласындағы жалпы өнім 76,1 млрд теңгенң құрады, оның ішінде мал шаруашылығына 68,8 млрд теңге, ал, өсімдік шаруашылығына 7,2 млрд теңге тиесілі.
Әлихан Рахметоллаұлы