Павлодар облысында кәсіподақ орталығы ұжымдық келісімшартқа еңбекақыны көтеру туралы тармақты енгізуді ұсынды
2018 жылғы 1 желтоқсандағы статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, облыста 6344 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 5 773 кәсіпорында немесе 90,4 пайызында ұжымдық келісімшарттар бар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдің кәсіподақ орталығы ұжымдық келісімдердің сапасын жоғары деңгейде жаңартуға шақырады. Осы мақсатта ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін штаб-пәтер тұрақты түрде Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 3 мекенжайында және 32-18-45 телефоны бойынша жұмыс істейді.
— Ұжымдық шарт қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар зейнеткерлерге, ал кейбір жағдайларда қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік пакеттерден тұруы керек, — деді Павлодар облысы кәсіподақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова. – Мысалы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұжымдық шарты 3,4,5 станцияларына жіберілген жас мамандардың тарифтік ставкаларына (жалақыларына) 20% сыйақы мен жекелеген тармақтарды алғашқы екі жылда ұсынады. Мұндай жағдай жас кадрларды біріктіруге көмектеседі.
«Қазхром ТНК» АҚ-ның ұжымдық шартында жас аналарды қолдау мақсатында жүктілік бойынша демалысқа кетердің алдында қосымша 18 күнтізбелік күнде ақылы демалыс беруді қарастырған.
«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ екі немесе одан да көп 12 жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға қосымша екі күндік ақылы демалыс береді.
Облыстық еңбек басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабжамитовтың айтуынша, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген төмен ақылы қызметкерлер санатындағы адамдардың еңбекақысыын көтеру шеңберінде аймақта 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің жалпы саны 33 508 адамды құрайтын 193-ке жуық жұмыс беруші 9 292 қызметкерге жалақыны көтеруге дайын.
Еске сала кетейік, 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру туралы тапсырма берді.
pavlodarnews.kz