Павлодар облысында он мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Павлодар облысында аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге көзделген, оның ішінде 900 миллионнан астам қаражат 3 мың адамға тұрғын үй сатып алуға және тұрғын үй көмегін көрсетуге бағытталатын болады.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің мәжілісінде Павлодар облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов атап өтті.

— 800 миллион теңгеден астам қаражат 1-11 сынып аралығындағы оқушыларды тегін тамақпен қамтуға бағытталатын болады. 8 мың оқушы мен студенттерге және олардың ата-аналарының біреуіне қалалық көлікте тегін жүру ұсынылады. Осы мақсаттарға 108,8 миллион теңге бөлінді – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап өңірде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2,6 мың ата-аналар мен қамқоршылар және балалық кезінен бастап 1 топ мүгедектерге күтім жасап жәрдемақы алатын 735 отбасы алатын жәрдемақы  30% өсетін болады. Жәрдемақы сомасы 41 578 теңгені құрайды.

— Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына ұсынылатын тегін гранттарды беру желісі бойынша жағдайды мұқият зерделеу қажет. Егер оларда несие және ол бойынша мерзімін өткізіп алу орын алып жатса, мүмкін біз жағдайларына қарап, бизнес есебінен несиені жабуға көмектесіп және осы гранттарды бұдан әрі беру әсеріне талдау жасаймыз. – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Алдын-ала жүргізілген есептерге сәйкес 2019 жылы облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен 10 мың адамды қамту жоспарлануда. Бұл 2,8 мың отбасы, соның ішінде 6,6 мың балалар бар. Ол үшін республикалық бюджеттік комиссия 1,2 миллиард теңгеге бюджеттік өтінімді мақұлдады. Сәуір айындағы жай-күй бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 94,2 миллион теңге сомасында 5192 аз қамтылған азаматтарға тағайындалды.

Кездесудің соңында өңір басшысы үш қаланың әкімдеріне АӘК тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылық кірісін алып тастау жөнінде қаулы бойынша жұмысты аяқтауды тапсырып, «Е-халық» ақпараттық жүйеде деректерді сапалы толтыруға қатысушылардың назарын аударды.

Әлихан Рахметоллаұлы