Павлодар облысында құны төрт миллиард теңгеден асатын 20-ға жуық инвестициялық нысан іске қосылды
Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы және шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға шамамен тоғыз миллиард теңге бөлінді, ал кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 14,8 миллиард теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков хабарлағандай, бірінші жартыжылдықта Павлодар облысында құны төрт миллиард теңгеден асатын 20-ға жуық инвестициялық нысан іске қосылды. Оның айтуынша, негізгі үлес суармалы учаскелерге және мал шаруашылығы құрылыстарына тиесілі.
– Жыл соңына дейін құны 16,7 миллиард теңге болатын елуден астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, – деді Нұрлан Сәдібеков. – Бұл 3200 мал басына арналған 6 сүт-тауар фермасы, 6000 мал басына арналған екі бордақылау алаңы, 6030 мал басына арналған 16 мал шаруашылығы орны және “Павлодар Құс” ЖШС құс фабрикасын кеңейту.
Бүгінгі таңда «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 10 мыңға жуық мал басының жоспардан тыс аймаққа 1779 немесе 17% -ы жеткізілді, 4604 мал басына несие мақұлданды. Облыс әкімі атап өткендей, жыл соңына дейін белгіленген жоспар орындалады.
– Ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, әрбір ауданның әлеуетін арттыру бойынша жұмыс істеу қажет, – деп атап өтті облыс әкімі Болат Бақауов. – Бұл жергілікті әкімдердің міндеті.
Павлодар облысы “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша субсидиялауға мақұлданған жобалар саны бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Бүгінгі таңда 116 жоба туралы әңгіме болып отыр.
– Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2,7 миллиард теңге бөлінді, – деді өңірлік кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Хасанов. – 11 шілдедегі жағдай бойынша 194 жоба мақұлданды, соның арқасында белгіленген жылдық жоспар 7% – ға асыра орындалды, ал субсидиялау бойынша мақұлданған жобалар саны өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 6 есе асып түсті.
17 маусымда жарияланған “Doing Business” қосалқы ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша Павлодар облысы бизнесті жүргізу үшін жағдай жасау бойынша үздік өңірлердің бестігіне кірді, меншікті тіркеу бойынша бірінші орын және кәсіпорындарды ашу бойынша екінші орын алды.
Әлихан Рахметоллаұлы