Павлодар облысында «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асырылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің Павлодар облысы бойынша филиалы мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академиялық адалдық лигасына 2019 жылдан бастап енген «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жоғрағы оқу орнында емтихан тапсырмаларын шифрлау арқылы бағалау түрінде және сыртқы сарапшылармен тексерудің жаңа әдістері енгізілді. Жұмысты шифрлау QR коды арқылы жүзеге асырылады, сондықтан емтихан алушы кімнің жұмысын тексеретінін білмейді.

Бұл технология ПМУ колледжіне түсу және PhD докторантурасына түсу емтихандарын өткізу кезінде сыналған.

Жаңа оқу жылынан бастап бүкіл жазба жұмыстарының, соның ішінде эссе, реферат, семестрлік жұмыстар, сонымен қатар дипломдық және магистрлік жұмыстар бүкіл әлемге әйгілі Turnitin (США) бағдарламалық жасақтамасы арқылы плагиатқа тексерілетін болады.

Академиялық жұмыс проректоры, т.ғ.к Петр Быковтың және Д. Серікбаев ат. ШҚМТУдың бірінші проректоры, т.ғ.к. Сәуле Рахметуллинаның айтуы бойынша, бір бейіндегі мамандық студенттерінің жазбаша жұмыстарын басқа университеттің оқытушылары бағалайды, бұл білімді бағалаудың әділдігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

Студенттердің білім деңгейін бағалау шараларына жұмыс берушілерді тарту практикасы жалғасуда.

Металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Мерхат Сүйіндіковтің айтуынша, студенттердің емтихан құжаттарын сараптамадан аутсорсингке шығару бастамасы қоғам мен мүдделі тараптардың жоғарғы оқу орындарының жұмысына деген ашықтығы мен сенімін арттырады.

Әлихан Рахметоллаұлы