Павлодар облысында санавиация жоспарды 325 пайызға артығымен орындады
Қыркүйек айында санитарлық авиация бригадалары жоспарланған сегіз шұғыл көмектің орнына 26 рет аспанға көтеріліп, жоспарды 325 пайызға артығымен орындады. Бұл туралы облыстық жедел медициналық жәрдем ның баспасөз қызметі мәлім етті.
— Көп жағдайда санавиация жол-көлік апатына ұшыраған адамдарға көмектесу үшін жұмылдырылды. Жол апатына байланысты аспанға тоғыз рет көтерілді. Оның ішінде төрт жағдайда адамдар ауыр жарақат алған. Сонымен бірге, ақ желеңділер алты рет жүкті әйелдерге көмекке келсе, үш жағдайда жаңа туған нәрестелердің өмірін аман алып қалды, — деді баспасөз қызметінде.
Санитарлық авиацияға келіп түскен шұғыл шақырулардың 40%-дан астамы, яғни, 11 шақыру Екібастұз қаласынан келіп түскен. Сонымен бірге, санавиация бригадалары Баянауыл ауданына төрт рет, Тереңкөл ауданына үш рет ұшып шықты. Айта кетерлігі, өткен айда санавиация қызметі реанимобильдермен көмек көрсету бойынша да жоспарды артығымен орындады. Жоспарланған 30 шығудың орнына олар 33 рет шұғыл медициналық көмек қажет жандарға жәрдемдескен.
Әлихан Рахметоллаұлы