Павлодар облысында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті
Жиырма жеті жасында қыршын кеткен Алаштың аяулы ұлы, ардақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған ауылында жиырма жеті киіз үйден құрылған этноауыл құрылып, ақынның мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Мерейтойға еліміздің түкпір-түкпрінінен келген қонақтар ат салысты.
Киіз үйлер қалашығында алтыбақан орнатылды, мерекелік сауда ұйымдастырылды және қазақ ұлттық спорт түрлері – тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Баянауыл тауларында демалуды құп көргендердің арасында әр түрлі аймақтардан жиналған адамдар болды.
– Халық мерекесі туралы достарымыздан естіп, еш ойланбастан осында тартып кеттік, – дейді Қарағанды облысының тұрғыны Қайырбек Жоламанов. – Мереке керемет өтті, менің ұлдарым тауларда уақытты жақсы өткізді, көлде шомылды. Меніңше Сұлтанмахмұт Торайғыров – қарапайым ақын емес, ол қазақ халқының біртуар ұлы.
Барлық адамдар бауырсақ пен қымыздан дәм татты. Павлодарлық тағамдардың дәмін ұмытылып бара жатқан қазақ ұлттық тағамының 50-ден астам рецепін жаңартқан этнограф Әйгерім Мұсағажинова да көрді. Оның айтуынша қазақ тағамдары ол тек ет пен бауырсақ қана емес.
– Ол сан қырлы, – деді «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері. – Біз қалпына келтірген әр рецептің өзіндік мағынасы бар. Мысалы, тек ер азаматтар ғана әзірлеп, өздері жейтін тағамдар да бар. Кейбірі отбасыішілік, мысалы ана мен қыздың арасындағы, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты көрсететін тағамдар.
Ақынының мерейтойына арнап Баянауыл ауданында 30 километрлік дуатлон ұйымдастырылды. Жарысқа 100-ден астам адам қатысты. Әрқайсысы 5 километр қашықтықты жаяу жүгіріп, қалған 25 километрін велосипедпен жүріп өтті. Мәреге жеткендердің барлығын танымал екібастұздық марафоншы Марат Жыланбаев марапаттады. Естеріңізге салсақ, осыдан 30 жыл бұрын өзі де Эльбрус шыңына көтерілу үшін Баянауылда жаттыққан.
– Елімізде бұқаралық спорт түрлерінің дамуына көп назар аударылып жүргені дұрыс, әсіресе жүгіруге,- деді Марат Жыланбаев. – Сонымен қатар жүгірудің спорттың ең қолжетімді түрі екендігін ұмытпауымыз керек. Гректер «Денің сау болсын десең – жүгір» деп бекер айтпаған ғой. Таза ауада, таулардың арасында жүгіру екі есе пайдалы.
Сонымен қатар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мерейтойын тойлау қарсаңында ақынға арналған шығармалары ұсынылған ақындар сайысы өтті. Бұл сайыстың жеңімпаздары онлайн–дауыс беру арқылы анықталып, нәтижелері этноауылдың бас сахнасында жарияланды. Бас жүлдеге Шығыс Қазақстан облысынан келген Рауан Қабидоллин ие болды. Бірінші орын шымкенттік Батырхан Сәрсенхановқа бұйырды. Екінші орынды өз араларында Астана қаласынан келген Қарлығаш Қабай мен Ұмтыл Зарыққанұлы бөлісті. Үшінші орын 3 номинантқа, яғни алматылық Айдана Майсарбекқызына, көкшетаулық Қайрат Сейітказинге және павлодарлық Жарқынбек Амантайға берілді.
Әлихан Рахметоллаұлы